"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ерейментау қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 города Ерейментау отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасының Президенті

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ КЕМЕЛҰЛЫ

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев (17 мамыр 1953 жыл, Алматы) — Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, саяси ғылымдар докторы, Қазақстан Республикасының бұрынғы премьер-министрі (1999-2002), Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы (16.10.2013-20.03.2019). Қазақстан Республикасының президенті (2019 жылдың 20-шы наурызынан бастап).ЕЫҚҰ-ның жариялаған мәлімдемесіне сәйкес, бір адамның көптеген бюллетендерді тастау, тәуелсіз бақылаушыларды санау процесіне араластырмау секілді фактілер тіркелген. ЕЫҚҰ сайлау нәтижесінің әділ екендігіне кепіл бере алмайтынын жеткізкен. Сонымен бірге, 9 және 10 маусым күндері Нұр-Сұлтан және Алматы қаласында сайлау нәтижелеріне наразылық танытқан 1000-ға жуық адамды полиция қамауға алған.

Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев 17 мамырда 66 жасқа келеді. Ол жалайыр руынан шыққан Алматының тумасы. Қазақстанның жаңа басшысы Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушысы және танымал жазушының отбасында дүниеге келген.

Қасым-Жомарт Тоқаев 17 жасында, яғни 1970 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтына түсуге шешім қабылдайды. Ал 5-ші курста оқып жүргенінде ол КСРО-ның Қытайдағы Елшілігіне жарты жылдық диплом алдындағы тәжірибеге жіберіледі.

1992 жылы Ресей Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітіріп, кейіннен тарих ғылымдарының кандидаты, саяси ғылымдардың докторы атанды.

Қасым-Жомарт Тоқаев КСРО Сыртқы істер министрлігінде кезекті референт ретінде де жұмыс істеді. Содан кейін – КСРО-ның Сингапурдағы елшілігінде қызмет етті. Тоқаев осы бағыттағы жұмысын болашақта да жалғастырды. Оның саяси мансаптағы қадамдары бірінен-бірі өзгере түсті.

Сол жылы Қасым-Жомарт Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды. Және келесі жылы сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып бекітілді. Ал 1994 жылы сол министрлікті басқарды. Сондай-ақ, 1999 жылдың наурызында премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалып, сол жылдың қазан айында үкіметті басқарды.

Бірақ, Тоқаев 2002 жылғы қаңтарда отставкаға кету туралы өтініш береді. Кейіннен оны сыртқы істер министрінің Мемлекеттік хатшысы лауазымына тағайындады. Тоқаев онда 2007 жылға дейін жұмыс істеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы істер министрінің басшысы ретінде ядролық қаруды таратпау процесінде белсенді рөл атқарды.

Ал 2007 жылы Тоқаев Қазақстан Республикасының Сенат төрғасы болып сайланды. Келесі жылдың өзінде ол ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының вице-президенті болды. Сондан кейінгі келесі жылдарда Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары және БҰҰ-ның Женевадағы бөлімінің Бас директоры, сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысының Қарусыздану жөніндегі Конференциясының жеке өкілі болып үлгерді.

Әкесі Тоқаев Кемел Тоқайұлы (1923-1986), Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі қазақ жазушысы болған. Анасы Тұрар Шабарбаева (1931-2000), Алматы шет тілдер педагогикалық институтында жұмыс істеген. Ұлы жүздің Жалайыр тайпасының Күшік руынан[2].

1970 жылы Қ-Ж. Тоқаев КСРО Сыртқы істер министрлігі Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтына түсті. 5-курста КСРО-ның ҚХР-дағы Елшілігіне диплом алдындағы жартыжылдық машықтамаға жіберілді.

1975 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігіне жұмысқа кірісіп, Сингапур Республикасындағы кеңестік елшілікке жолданды. 1979 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігінің аппаратына қайта оралып, 1983 жылы Пекин лингвистикалық институтындағы 10 айлық тіл курстарына қатысу үшін Қытай Халықтық Республикасына аттанды. 1984-1985 жылдары КСРО Сыртқы істер министрлігінде қызметте болды. Одан кейін Пекиндегі кеңестік елшілікке жолданып, онда 1991 жылға дейін екінші хатшы, бірінші хатшы және кеңесші лауазымдарын атқарды. 1991 жылы Мәскеудегі КСРО Сыртқы істерминистрлігінің Дипломатиялық академиясының дипломатиялық басшы кадрлардың біліктілігін арттыру курстарына түсті.

1992 жылы Қ-Ж.Тоқаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды. Ол 1993 жылы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары және 1994 жылы Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. 1999 жылдың наурыз айында Премьер-министрдің орынбасары болды. 1999 жылдың қазан айында Парламенттің келісімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Премьер-министр лауазымына тағайындалды. 2002 жылдың қаңтарында отставкаға кетіп, кейін Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. 2007 жылдың қаңтарына дейін Сыртқы істер министрі ретінде жұмыс істеп, кейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы болып сайланды.

Сыртқы істер министрі лауазымында Қ-Ж. Тоқаев, тұтастай алғанда, 10 жыл еңбек етті (1994-1999, 2002-2007).

Сыртқы істер министрі ретінде Тоқаев ядролық қаруды таратпау ісіне белсене атсалысты. Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың 1995 және 2005 жылдардағы шолу конференцияларына қатысқан. Ол 1996 жылы Нью-Йоркте Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шартқа (ЯСЖТШ), ал 2005 жылы Семейде – Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ құру туралы шартқа (ОАЯҚААШ) қол қойды.

2003 жылы теңізге шығу мүмкіндіктері жоқ дамушы елдер министрлерінің Халықаралық конференциясына төрағалық етті. Конференцияда Алматы іс-қимылдар бағдарламасы әзірленді және теңізге шығу мүмкіндіктері жоқ дамушы елдердің Алматы декларациясы қабылданды.

Қ-Ж.Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының он сессиясының жұмысына белсене атсалысқан, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және Шанхай ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлері Кеңестерінің Төрағасы болып сайланған, Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық рангіне ие.

Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы ретінде 2008 жылы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Вице-Президенті болып сайланған.

2011 жылғы наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы Тоқаевты Бас хатшының орынбасары, Біріккен Ұлттар Ұйымының Женевадағы Бөлімшесінің Бас Директоры және Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының Қарусыздандыру жөніндегі конференциядағы жеке өкілі етіп тағайындау туралы шешімін жария етті. Сонымен қатар, ол Қарусыздандыру жөніндегі конференцияның Бас хатшысы лауазымын иеленеді. Ол БҰҰ-ның Швейцариядағы қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты лауазымды тұлға болып табылады. 2013 жылдың 16 қазанында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасы болып сайланды.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев - саяси ғылымдар докторы. Халықаралық қатынастар мәселелері бойынша тоғыз кітап пен бірқатар мақалалардың авторы. Ол Бүкіәлемдік гуманитарлық және жаратылыс ғылымдары академиясының мүшесі, Мюнхен қауіпсіздік конференциясы «Даналар» кеңесінің мүшесі. Сондай-ақ, Шэньчжэнь университетінің құрметті профессоры (ҚХР), Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясының құрметті профессоры және докторы әрі оның Қамқорлық кеңесінің мүшесі, Халықаралық қатынастар жөніндегі Қазақстан кеңесінің Құрметті президенті. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы, Женева дипломатия және халықаралық қатынастар мектебінің Құрметті деканы. Ол ҚР СІМ Нәзір Төреқұлов және РФ СІМ А.Горчаков атындағы естелік медальдарымен, Женева Университетінің «Академикус» грамотасымен, сондай-ақ, С.Н.Рерих атындағы естелік медалімен марапатталған. Орыс Биографиялық қоғамы Қ. Тоқаевты "Жыл адамы - 2018" лауреаттарының тізіміне енгізген.

Ажырасқан. Бұрынғы әйелі: Надежда Давыдовна Тоқаева (1957)

Ұлы: Тимур Қасымжомартұлы Тоқаев (1984)[10] - саясаттану ғылымының кандидаты, бизнеспен айналысады.

Марапаттары:      Өңдеу

Отан ордені (2014)

Орден «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» ордені (2004)[11].

Парасат ордені (1996)[12].

Астана медалі

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі

«Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл» медалі

Құрметі ордені (Ресей Федерациясы, 2017 жылғы 1 наурыз) — Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы халықтарының арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан мол үлесі үшін

Достық ордені (Ресей Федерациясы, 2004 жылғы 12 желтоқсан) — Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан мол үлесі үшін

ІІІ дәрежелі Ярослав Мудрый князь ордені (Украина, 2008)

«Достастық» ордені (ТМД ПАА, 2007)

1 санатты Серб туы ордені (2016)

"Қоғамдық бедел" құрметті алмаз ордені (РФ)

«Федерация кеңесі. 20 жыл» мемрейтойлық медалі

«Достық ағашы» медалі (ТМД ПАА, 2003)[13].

ТМД Грамотасы

«Астанаға 20 жыл» мерейтойлық медалі (2018)

 

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы - http://sc0001.ereymentau.aqmoedu.kz/content/poslanie-glavy-gosudarstva-kk-tokaeva-narodu-kazahstana

Жаңартылған күні: 31.08.2016 17:32
Құрылған күні: 01.10.2022 21:06

Текст