Ескерту. Қағидалар 1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 29.05.2020 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 08.11.2022 № 449 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармалары, аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы білім бөлімдері
2 Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері: Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
3 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: Қызмет көрсету мерзімі- 10 жұмыс күні.
4 Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған)
5 Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру туралы бұйрықтың көшірмесі болып табылады немесе мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электронды.
6 Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері: Тегін
7 Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда дүйсенбіден жұмаға дейін 13.00-ден 14.30-дейінгі түскі үзіліспен белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес;
2) портал - жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болған техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінде жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) порталда www.egov.kz.
8 Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер:
1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық сұрату нысанындағы өтініші;
2) денсаулығына байланысты білім беру ұйымдарына бара алмайтын білім алушылар үшін – «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) 026/е нысанында дәрігерлік-консультациялық комиссияның электронды қорытындысы;
3) барлық білім алу кезеңі аралығында оқытылған пәндер бойынша «4» және «5» деген бағалар алған білім алушыларға - электронды үлгерім табелі; 4) білім алушы ата-анасымен немесе оларды алмастыратын адамдармен бірге шетелге көшкенде көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың уақытша шетелде тұратындығы туралы электронды анықтамасы; 5) білім алушы ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың жетегінсіз шетелге шығатын болса, көрсетілетін қызметті алушының шетелде оқитындығын растайтын электронды құжаты.
9 Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.
10 Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар: Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті алушының анықтамалық қызметі, Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.edu.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде, 8-800-080-7777, 1414 бірыңғай байланыс орталығында орналастырылған.